17 февраля 2025


ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ХОККЕЙ ҚҰРАМАСЫ IX ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында екінші орынға ие болды.

Жүлделі құрамның қатарында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Катрин Мескини өнер көрсетті.

Ол тартысы ойын кезінде Оңтүстік Корея құрамасы басты қарсылас болғанын айтты. Қытай құрамасымен өткен қызу ойында қазақстандық хоккейшілер 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қыздар тек Жапония құрамасына 4:0 есебімен есе жіберді.