18 февраля 2025


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында әдістемелік онкүндік аясында кафедра оқытушысы Козлова Анна Львовна «Kreative und praxisnahe Methoden zur Einführung von Ziffern und Zahlen im Unterricht» тақырыбында workshop өткізді. Семинар барысында цифрлар мен сандарды оқытуда қолданылатын шығармашылық және тәжірибеге негізделген тиімді әдістер талқыланды. Оқу үдерісінде инновациялық тәсілдер мен ойын әдістерінің маңыздылығы атап өтілді. Семинар барысында студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі жаттығулар мен жаттығу тапсырмалары қарастырылды. Козлова А.Н. жетекшілігімен өткен семинарға Е.М. Абсеитова, Р.К.Торгаева, И.З.Фридман, В.А.Лазарева, Т.В.Галкина қатысты.