18 февраля 2025


“ҚҰҚЫҚТАНУ” БББ СТУДЕНТТЕРІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА БАРДЫ

Заң ғылымдарының докторы Қуат Рахимбердин «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия “Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы” пәні аясында өтті. Студенттер “Ұлы Дала алтыны” көрмесіндегі бірегей артефактілерді тамашалады. Атап айтқанда, Берел, Шілікті, Елеке Сазы қорымдарынан табылған алтын олжаларды көрді. Сондай-ақ, олар көне сақ, қимақ және түркі халықтарының өмірі туралы қызықты мәліметтер алды.

Білім алушылар ерекше қызығушылықпен Өскемен қаласының тарихы залы мен Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен Шығыс Қазақстан жауынгерлеріне арналған Даңқ залын тамашалады.