18 февраля 2025


ӘДІСТЕМЕЛІК ОНКҮНДІК АЯСЫНДА «LOST IN TRANSLATION» ВИКТОРИНА ОЙЫНЫ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында әдістемелік онкүндік жалғасын табуда. Кафедра оқытушысы Еркебұлан Бауржанұлы «Lost in Translation» тақырыбында викторина өткізді. Викторина барысында қатысушылар әртүрлі категория бойынша өз білімдерін тексерді: Idioms, abbreviations, translator’ transformations, special terminology, false friends және т.б. Әрбір категория қатысушыларға тілдің ерекшеліктері мен көп мағыналы сөздер, фразеологизмдер, арнайы терминдер сияқты күрделі тұстарын түсінуге мүмкіндік берді. Бұл викторина қатысушыларға тілдің тереңдігін сезінуге және аударма шеберліктерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік туғызды.