18 февраля 2025


ӨСКЕМЕН ГАРНИЗОНЫНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОКУРОРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың әскери кафедрасында Өскемен гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Есжан Сыбанбаевпен кездесу өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуратурасының идеологиялық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – болашақ офицерлерге Қарулы Күштердің және басқа да әскери құрылымдардың рөлін түсіндіру. Әсіресе, әскердегі жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ерекше назар аударылды.

– Болашақ офицерлер әскердегі қызмет тек міндеттерді орындау ғана емес, сондай-ақ туған еліне деген шексіз адалдық екенін терең түсінуі керек, – деп атап өтті Есжан Сыбанбаев.