19 февраля 2025


ЖОО-ДА ИППОТЕРАПИЯ МЕН БЕЙІМДЕЛГЕН АТ СПОРТЫНА ҮЙРЕТЕДІ

5-19 ақпан аралығында кәсіби даярлау және біліктілікті арттыру ресурстық орталығында «Иппотерапия әдісімен оңалту және бейімделген ат спортының негіздері» бағдарламасы бойынша оқу курсы өтті. Курс мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту бағытындағы ат спорты бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

Курстың практикалық бөлігі иппотерапия және бейімделген ат спорты бойынша тұрақты сабақтар өткізілетін ат спорты кешенінің базасында өтті. Сабақтарға мүмкіндігі шектеулі шабандоздар қатысты.

Курс оқытушысы Руденко Екатерина иппотерапия әдісімен оңалту және мүмкіндігі шектеулі спортшыларды даярлау саласында 13 жылдан астам тәжірибеге ие.

Аталмыш курсқа Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен: Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстары мен Алматы қаласынан келген 12 тыңдаушы қатысты.