19 февраля 2025


ЖОО СТУДЕНТТЕРІ ШҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті ұйымдастырған Ашық есік күніне қатысты.

Шара болашақ мамандарға Департамент жұмысымен жақын танысуға және экономикалық қылмыстар мен қаржылық алаяқтықты тергеудің ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берді.

Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері экономика саласындағы қылмыстарды анықтау және алдын алу шараларымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жайлы ақпараттармен бөлісті. Болашақ экономистер, заңгерлер, IT мамандары қызметкерлерге сұрақтарын қойып, құқыққорғау органдарында жұмысқа орналасудың болашағы жарқын екенін көрді.

Мұндай кездесулер студенттердің құқықтық сауаттылығын арттып, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қызмет етуге жол ашады.