19 февраля 2025


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ: «CHEF’S TABLE» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ҚАЛАЙ ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында әдістемелік онкүндік аясында «Chef’s table» тақырыбында әртүрлі елдердің тағамдарының мәзірлері бар шығармашылық кеш өтті. Кештің ұйымдастырушылары кафедра оқытушылары Диана Төлеусабыр, Әсел Рахметова, Гаухар Шәріпжанова, Жансая Рысханова. Шараға 6В01706 Ағылшын тілі (IP), 6В01707 Шетел тілдері (IP) мамандықтары белсенді қатысты. Кеш барысында қатысушылар ұлттық асханалардың ерекшеліктерімен бөлісіп, тағам дайындау дәстүрлері туралы қызықты мәліметтер ұсынды.

Әр команда белгілі бір елдің тағам мәзірін әзірлеп, оның шығу тарихы мен дайындау әдістері туралы баяндады. Сондай-ақ, студенттер тағамдарды ерекше безендіріп, ас мәзірін шет тілінде ұсыну дағдыларын шыңдады. Білім алушылар тек тағам түрлерін ғана емес әр елдің ұлттық би, өнерлерін паш етті. Шара кафедра оқытушылары мен студенттеріне шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тілдік дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ түрлі мәдениеттермен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Іс-шараға қатысқан студенттерге алғыс хат ретінде сертификат табыс етілді.