20 февраля 2025


«ЖУРНАЛИСТИКА» ББ СТУДЕНТТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛАҢЫНДА БІЛІКТІЛІКТЕРІН КӨРСЕТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Журналистика» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары  өндірістік  іс-тәжірибеден өтуде. Іс-тәжірибе алаңы ретінде Өскемен қаласының «ALTAI-NEWS» медиа-орталық» ЖШС (облыстық «Дидар» газеті), Өскемен қаласының «Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы, «ALTAI» телеарнасы, Өскемен қаласының облыстық «Менің өлкем» газеті, Талдықорған қаласының «Жетісу» телерадиокомпаниясы» ЖШС редакциялары таңдалды.

Іс-тәжірибе барысында білімгерлер түрлі тақырыптағы қысқа ақпараттан бастап, сараптамалық мақалаларын жарыққа шығаруда. Өз бастамасымен әлеуметтік желіде парақша жүргізіп, көптің көкейіндегі сауалдарға жауап  іздеп, қызықты контент даярлауда. Сондай-ақ,  іс-тәжірибе барысында болашақ жұмыс орнын табуға  мүмкіндік алғандары да бар. «Журналистика» ББ оқытушылары өндірістік базада теориялық білімдерін ұштап жүрген жас журналистерге қолдау көрсетіп, кәсіби шеберліктерін шыңдатып жүрген әлеуметтік серіктестеріне алғыс білдірді.

Айта кетейік, ШҚУ-дан түлеп ұшқан журналистика мамандығының түлектері өңірде ғана емес республика көлемінде, алыс-жақын шетелде өткір мәселелерді қозғауда.