20 февраля 2025


ШҚУ СТУДЕНТІ БІЛІМІН ІС-ТӘЖІРИБЕ БАРЫСЫНДА КӨРСЕТТІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Химия» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті өндірістік іс-тәжірибе аясында Өскемен қаласындағы «№35 орта мектебінің» КММ 9 сынып оқушыларына «Фосфор және оның қосылыстары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Ақжарқын Тілеухан ашық сабақ барысында сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырып, топтық жұмыс жүргізді. Заманауи педагогке сай Wordwall, Classroomscreen сервистерін қолданып, жаңа технологияларды ұтымды пайдаланды. Әртүрлі бағалау, саралау әдістерін қолданып, тарсия, домино ойындары арқылы оқушылардың тапсырмаларын жеке қорытындылады.

Ашық сабаққа қатысқан ұстаздар сабақта орындалған тапсырмаларыдың деңгейін, оқушылардың іс-әрекеттерін, кері байланысын ескере отырып, Ақжарқын Тілеухан оқу мақсатына жетті деп жоғары баға берді.

Айта кетейік, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да педагог мамандарды оқытатын шығыстағы үздік жоғары оқу орын. Бітіруші түлектер университет қабырғасында алған білім мен тәжірибесін орта білім беретін мектептерде ұтымды пайдалануда.