20 февраля 2025


ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ: АЙСҰЛУ ҚАМАЛБЕКОВАНЫҢ ДӘРІСІ

Өскемен қаласындағы жас техниктер станциясының қосымша білім беру оқытушысы Айсұлу Қамалбекова С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар» кафедрасында қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында тыңдаушыларға қашықтан басқару, бағдарламалау және қашықтан оқыту платформалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Студенттерге қашықтан басқару мен бағдарламалаудың айырмашылықтары кеңінен түсіндіріліп, олардың ерекшеліктері мен қолдану салалары туралы тереңірек мағлұмат берілді.

Лектор заманауи технологиялардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, автоматтандыру мен цифрландырудың күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын ерекше атап өтті. Сонымен қатар, Айсұлу Қамалбекова студенттерге қашықтан басқару, бағдарламалау және қашықтан оқыту платформаларының кеңінен қолданылуы жайлы баяндады.

Дәріс соңында студенттер алған білімдерін практикалық тапсырмалар арқылы бекітті.