21 февраля 2025


ЖОО-ДА МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің гуманитарлық ғылымдар Жоғары мектебінде мектеп түлектеріне арналған онлайн-семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының сениор-лекторы Сымбат Бейсенова өткізді.

Семинар барысында қатысушылар университеттің білім беру бағдарламаларымен танысып, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары жаңадан ашылған IP мамандықтары бойынша жан-жақты мәлімет берді.

Шараға қала және облыс мектептерінің түлектері қатысып, университетке оқуға түсуге қатысты маңызды сұрақтарына жауап алды.