21 февраля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МАМАНДЫҚТАР ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Өскемен жоғары медициналық колледжінде студенттердің кәсіби бағдарын айқындауға арналған мамандықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға Amanzholov university-дің оқытушылары – Кукина Ю.Е., Тоқтарбекова Қ.Т., Байтемірова К.Б. қатысты.

Жәрмеңкенің басты мақсаты – колледж студенттеріне болашақ кәсіби жолын таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары оқу орнында білімін жалғастыру немесе жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат беру. Іс-шара барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың білім беру бағдарламалары таныстырылып, студенттерге оқу үдерісі, шәкіртақы, студенттік өмір және тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы толық мәлімет ұсынылды.

Шара соңында студенттер оқытушылардан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтарын таңдау бойынша қажетті кеңестер алды.