24 февраля 2025


ШҚУ-ДА ЭССЕ ЖАЗУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің шет тілдері және аударма ісі кафедрасында әдістемелік онкүндік аясында кафедра оқытушысы, қауымдастырылған профессор Толқын  Абдрахманова «Эссе жазудың тәсілдері» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шара эссе жазу дағдыларын жетілдіргісі келетін студенттер үшін ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушылар эссенің құрылымымен танысып, өз ойларын жүйелі әрі дәлелді жеткізу жолдарын үйренді. Сонымен қатар, стиль мен грамматикаға қатысты пайдалы кеңестер алды.

Шара барысында эссенің кіріспе, негізгі бөлім және қорытындысын жазу әдістемесіне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өз жұмыстарына тәжірибелі оқытушылардан кері байланыс алды.

Бұл семинар студенттердің академиялық жазу дағдыларын дамытып, олардың логикалық ойлау қабілетін арттыруға бағытталды.