24 февраля 2025


ШҚУ ТӨРТ ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ГРАНТЫН ОЙНАТТЫ

Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында 10-11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен олимпиада өтті. Олимпиадаға Өскемен қаласы және Шемонаиха, Алтай, Глубокое, Катонқарағай аудандарының оқушылары қатысты. Барлығы 74 қатысушы бас жүлде – төрт жылдық білім гранты үшін бақ сынасты.

Байқау қорытындысы бойынша 11 сынып оқушысы Алексей Хорев (Шемонаиха ауданының «Зевакино жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» КММ кешені) жеңімпаз атанды.

Сонымен қатар, олимпиада аясында кафедраның қауымдастырылған профессоры С.Н.Күбентаева және Ж.З.Жантасова мектеп мұғалімдеріне арналған «Білім берудегі жасанды интеллект: тенденциялар мен перспективалар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді. Семинарда білім беру саласындағы жасанды интеллекттің заманауи трендтері мен болашақтағы мүмкіндіктері, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыру үшін инновациялық шешімдер мен технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Шара соңында ұстаздарға Алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.