24 февраля 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ КАНАДАДА ӨТКЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Квебек қаласында шорт-тректен Әлем кубогынің жасөспірімдер кезеңі өтіп жатыр. Бұл байрақты бәсекеге С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 19 жастағы студенті Зейнеп Құмарқан қатысты. Ол тек канадалық Виктория Жан-Батистке есе жіберіп, 500 метр қашықтықта екінші орынды жеңіп алды. Зейнептің көрсеткіші – 44,637.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Харбинде өткен Азия ойындарында үздік нәтиже көрсетіп, күміс жүлде жеңіп алған болатын.

— Бұл жетістіктер мені алдағы халықаралық бәсекелерде бұдан да үздік нәтиже көрсетуіме және көбірек жаттығуыма ынталандырады, — деді спортшы.

Айта кетейік, Зейнеп Құмарқан – Amanzholov University-дің 2-курс студенті. Ол облыс орталығындағы мұз айдындардың бірінде жаттығады.