25 февраля 2025


ЖАС МАМАН АЙЫМ МҰҚСИЫНОВА: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

«Химия» білім беру бағдарламасының жас маманы, магистрант Айым Мұқсиынова жас педагогтер арасында өткен жетінші Республикалық «Жаңа мектепке – заманауи ұстаз» байқауының аудандық кезеңінде екінші орын, ал «Дарынды балаға – талантты ұстаз» байқауында үшінші орын иеленді.

Бұл жетістіктер университетте алған білімінің нәтижесі. Оқу барысында Айым ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және инновациялық оқыту әдістерін тиімді пайдалануды меңгерді. Ол химия сабақтарында виртуалды зертханаларды қолданып, оқушыларға тәжірибелік тапсырмаларды қауіпсіз әрі қызықты форматта орындауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, виртуалды зертхана – химиялық реакцияларды бақылауға және тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құрал. Бұл әдіс тек теориялық біліммен шектелмей, оқушылардың практикалық дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану пәнге деген қызығушылықты арттырып, білім сапасын жақсартуға көмектеседі.

Бүгінде Айым Мұқсиынова инновациялық әдістерді қолдануды жалғастырып, білім беру жүйесін дамытуға өз үлесін қосуда.