25 февраля 2025


ТДМ: ӘДЕБИЕТТЕГІ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қазір әлемде экологиялық мәселелер күннен күнге өзекті болуда. Табиғат туралы көркем әдебиетте ғылыми мазмұн мен бейнелі сөз біріктіріле суреттелетіні белгілі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді күшейту мақсатында Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында К.Паустовский, В.Распутин және В.Астафьев сынды жазушылармен бірге өңірлік сөз зергерлері Е.Курдаков пен натуралист-жазушы Б.Щербаковтың және т.б. авторлардың шығармалары тереңдетіле оқытылады.

«Қазіргі орыс және заманауи әдебиет», «Аймақтық әдебиет» курстарының бағдарламасына табиғаттың таңғажайып әлемін ашатын, өз шығармашылығымен экологиялық мәселелер туралы ой қозғайтын осы жазушылардың шығармалары енгізілген.

«О.Бөкейдің «Кербұға — сұр бұғы» әңгімесіндегі кеңістіктік-уақытты ұйымдастырудағы пейзаж функциясы», «С.Санбаевтың «Аппақ Аруана» повесіндегі аталым поэтикасы», «Б.Бекпетовтің «Тураңғының көз жасы» повесіндегі фантастика мен шындық», «Әсел Омар прозасындағы «Шығыс» тақырыбы» сияқты мәселелер магистранттардың ғылыми диссертацияларына арқау болған. Зерттеу барысында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану тақырыптары  да сөз болады.

Білім алушылар жыл сайын «Менің кішкентай Отаным» тақырыбында эссе жазып, өз өлкесі табиғатының бірегейлігін сипаттайды. Үздік шығармалар студенттік жинақтарда жарияланады.