26 февраля 2025


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, ІТ және жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі, экология және география кафедрасында ШҚО бойынша экология департаменті Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Джакишев Алмаз Ажибековичпен бірлесіп «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бекітілген кестеге сәйкес «Таза Қазақстан» тақырыбында студенттермен экологиялық сағат ұйымдастырылды.

Экологиялық сағатқа «Жасыл толқын» экологиялық клубының мүшелері «Экология», «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі», «Гидроэкология, менеджмент және трансшекаралық су қауіпсіздігі» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері және «География (IP)» білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері қатысты.

Семинар барысында «Байтақ» жасыл партиясы студенттерді Қазақстан Республикасындағы қазіргі өзекті экологиялық мәселелердің шешу жолдарына бағытталған жоспарларымен таныстырды. Сондай-ақ, ШҚО экология департаментінің мамандары «Өскемен тынысы» экологиялық бюросы және «Байтақ» жасылдар партиясының ШҚО филиалының өкілдері мен бірлесіп Өскемен қаласында атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізді.

Экологиялық сағат барысында қоршаған ортаның тазалығы, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан экологиялық жобалар туралы әр қатысушы өз көзқарасын білдірді. Сөз соңында спикер қазіргі заманғы ең өзекті мәселелрдің бірі – қоқыс мәселесі және қоқысты қайта өңдеу қажеттілігі жайлы ой қозғап, семинарды қорытындылады.