26 февраля 2025


ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ШЕБЕРЛІК-САҒАТЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері, жаттықтырушылары мен жас балуандар үшін «Намыс» спорт клубында ұлттық спорт түрі – қазақ күресінен шеберлік сағаты өтті. Айта кетейік, қазақ күресі ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілген.

Іс-шараны педагогика ғылымдарының магистрі, Шығыс Қазақстан облысы Бирмандық бокс федерациясының президенті Жасұлан Бекболатұлы ұйымдастырды.

Дәріс барысында Жасұлан Бекболатұлы қазақ күресінің тарихы, дамуы және қазіргі жай-күйі туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ, қатысушылар күрестің негізгі әдіс-тәсілдерімен және ерекшеліктерімен танысты.

Айта кетейік, бұл шеберлік сағаты ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.