26 февраля 2025


ҚАЗАҚ, ОРЫС ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫНДА АКАДЕМИЯЛЫҚ КОМИТЕТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасында 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 6В01708 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» (ІР), 6В01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті», 6В01709 – «Орыс тілінде оқытатын және оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті», 7М01702 – «Орыс тілі мен әдебиеті», 6В03201 – «Журналистика», 8D01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламаларының өзекті мәселелерін талқылауға арналған академиялық комитеттің кезекті отырысы өтті.

Жиында еңбек нарығының ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын тұрақты түрде жетілдіру және өзектендіру мәселелері қаралды. Отырысқа Абай атындағы гуманитарлық колледждің оқытушысы Бекетаева Г., Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі, PhD Мұқашева М.Қ., №47 мектептің мұғалімі, шебер-педагог Жиенбаева Д.Б., Белоусовка орта мектебінің мұғалімі, зерттеуші-педагог Ақанбек А., Меновное орта мектебінің мұғалімі Старостенко Т. және басқа да стейкхолдерлер қатысып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін білдірді.

Білім алушылар мен жұмыс берушілерді білім беру бағдарламаларын әзірлеу процесіне тарту, олардың пікірін ескеру – сапалы білім берудің негізгі шарты.