26 февраля 2025


«ҚАЗІРГІ ИНКЛЮЗИВТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ КҮЙЗЕЛІСІ» ПРАКТИКАЛЫҚ СЕМИНАРЫ

ШҚУ қызметкерлері «Верх-Уба жалпы білім беретін орта мектебінде» «Қазіргі инклюзивті педагогикалық жүйедегі педагогтың кәсіби күйзелісі» тақырыбында практикалық семинар өткізді. Іс-шараға мектептің 30 педагогы қатысты.

Семинардың спикерлері ретінде психология және коррекциялық педагогика кафедрасының оқытушылары Ю.Е.Кукина және К.Д.Канапиянова және «Dana Bala» үздіксіз және инклюзивті білім беру орталығының жетекшісі А.К.Әліпова сөз сөйледі.

Семинардың мақсаты – педагогтердің өзін-өзі реттеу, кәсіби қиындықтар жағдайында тиімді қалпына келу стратегияларын меңгеру арқылы эмоциялық күйіп кетудің алдын алу және жұмыс өнімділігін сақтауды және психологиялық тұрақтылық дағдыларын қалыптастыруға үйрету.

Семинар ҚР Білім министрлігінің «Баршаға арналған білімге қолжетімділік» ұлттық баяндамасы негізінде «943 – елдің нысаналы мектептерін дамыту» республикалық жобасын іске асыру аясында ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығымен ынымақтастық аясында ұйымдастырылды.

Семинар барысында Ю.Е.Кукина педагогикалық стресс түрлері мен себептерін, оны анықтау тәсілдерін және стресс төзімділігін диагностикалау әдістерін таныстырып, шиеленісті төмендетудің қарапайым дағдылары мен стресс жағдайындағы мінез-құлық алгоритмдерін үйретті.

Алима Әліпова өзін-өзі көмек көрсету мүмкіндіктерін атап өтіп, стрессті басқару әдістері мен құралдары бойынша практикалық жұмыс жүргізді. Өз кезегінде К.Д.Канапиянова физикалық, эмоциялық және әлеуметтік ресурстарды қалпына келтіру стратегияларына үйретті.

Семинар соңында талқыланған мәселелер қатысушылар арасында пікірталас тудырып, қазіргі инклюзивті педагогикалық жүйені ұйымдастырудағы проблемалық тұстарды анықтауға мүмкіндік берді.