27 февраля 2025


АРТ-ТЕРАПИЯ КУРСЫ: ҚАЛАЙ КЕЗ КЕЛГЕН ЖАСТА БАҚЫТТЫ БОЛУҒА БОЛАДЫ

ШҚУ-да «Күміс университет» жобасы аясында «Арт-терапия: бақыт кезеңі» курстарын бастады. Курстың мақсаты – елу жастан асқан адамдардың қауіпсіз және шығармашылық өмір сүру үшін әлеуметтік және психологиялық дағдыларды дамыту. Курс спикері психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Ю.Е.Кукина арт-терапия жайлы ақпараттар беріп өтті.

Бірінші сабақта курстың мазмұны ашылып, қатысушылар танысып, алғашқы шығармашылық жұмыстарын аяқтады.