27 февраля 2025


ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ

“Заң мен тәртіп” нарративін насихаттау аясында ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті өкілдерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлерге облыстық семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мазмұнды лекциялар оқылды. Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ Мәдениет, спорт және алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Ахаева Ақмарал Шахарбергеновна волонтерлерге “Риясыз көмек психологиясы: волонтерліктің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі” атты тақырыпта психологиялық тренинг өткізді.

Шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасында белсенді болған университетіміздің білім алушылары: Құқықтану білім беру бағдарламасының 3- курс студенті Қадылбеков Ілияс Бейбітұлы мен 4- курс студенті Айболтинова Амина Ринатовна депаратмент басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.