27 февраля 2025


ТАРИХШЫ ВАСИЛИЙ ПЕТРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі ғалым, тарихшы Василий Игнатьевич Петровтың туғанына 100 жыл толуына орай «Петров Василий Игнатьевич: тарих ұрпақтар жадында» атты аймақтық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Шараға жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы, студенттер, магистрлер және өзге де ғылыми орталық қызметкерлері қатысты.

Конференция барысында Василий Петровтың шәкірттері оның ұйымдастырушылық қабілеті, студенттерге деген қамқорлығы мен ұстаздық шеберлігі туралы естеліктерімен бөлісті. Ғалымның қызы да сөз сөйлеп, әкесінің өмір жолы мен оның ғылымдағы рөлі туралы әсерлі әңгіме қозғады.

— Әкем өзінің тұсында әулетімізде өзін-өзі жетелеп, жоғары білім алған жалғыз адам болды. Табандылығымен тарих беттерінде қала білді. Оның студенттерінен жылы лебіз есту мен үшін қуаныш. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, — деді Ирина Дурново Васильевна.

Конференция аясында В.И. Петровтың өмірі мен қызметіне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды.

– Василий Игнатьевичтің ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары болды. Ол студенттерге әрдайым өмірлік тәжірибесінен кеңес беріп, жігерлендіріп отыратын. Біз сол кісінің кеңесімен педагогикалық институттың жанындағы спорт секцияларына қатысып жүрдік. Көп студент оны әкесіндей көріп, ерекше құрмет тұтты, – деп еске алды шәкірттерінің бірі.

Шара соңында қатысушылар ауқымды конференцияны ұйымдастырған Қазақстан тарихы және ӘГП кафедрасына алғыс білдірді.