27 февраля 2025


ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЛАР ЛЕГІ МЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2024-2025 оқу жылының бірінші жартыжылдығында өткен әдістемелік семинарлар легі мен академиялық инновациялар қысқы мектебін ұйымдастыру нәтижелері бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына сертификаттар мен алғыс хаттарды табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараны академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нұрлана Алимбекова ашып, әдістемелік семинарлар легі мен қысқы мектептің қорытындысы бойынша ақпараттық есепті ұсынды. Ол білім беру сапасын одан әрі арттыруға ықпал ететін негізгі тұжырымдарды баяндап, академиялық үдеріске енгізіліп жатқан инновациялардың маңыздылығына ерекше тоқталды.

Университеттің Директорлар кеңесінің төрағасы Амерхан Рахымжанов білім беру инновациялары мен оқыту семинарларының маңыздылығын атап өтіп, семинарлар мен қысқы мектептің жұмысына елеулі үлес қосқан белсенді қатысушылар мен спикерлерге сертификаттар мен алғыс хаттар табыстады.

Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, дайындалған материалдардың жоғары деңгейде болғанын ерекше атап өтті.