27 февраля 2025
AMANZHOLOV UNIVERSITY ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ «ЖАС ҒАЛЫМ» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 3 ЖОБА ЖЕҢІП АЛДЫ
«С.Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан университеті» КЕ АҚ жас ғалымдары 2025-2027 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс аясында жалпы соммасы — 82 441 616 тенге болатын 3 жоба ұтып алды:
1. «Шығыс Қазақстан облысының туризмін дамыту үшін табиғи және тарихи-мәдени объектілерін ГАЖ технологиясының көмегімен бағалап, олардың экожүйесін сақтау жолдары», жетекшісі — Женсікбаева Назгуль Жәнібекқызы.
2. «Дендроиндикация әдісімен Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік аймақтарында өсетін ағаш түрлеріне техногендік факторлар мен климаттың өзгеруінің әсерін зерттеу», жетекшісі — Алипина Құралай Бауыржанқызы.
3.«STEM технологияларды қолдану арқылы нанотехнологияны оқытуда болашақ және қазіргі физика мұғалімдерінің құзыреттілігін арттырудың ғылыми-педагогикалық тәжірибесін дамыту», жетекшісі — Анас Бақдәулет Мухитдинұлы.