28 февраля 2025


АСЫҚ АТУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасында «IT-перспектива» студенттік жобалар байқауы өтті. Байқау КМжАТ кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың мақсаты – студенттердің жобаларға қызығушылығын арттыру, командалық жұмыс дағдыларын дамыту және өз нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік беру. Бұл байқау IT-технологияларға қызығушылық танытатын және осы саладағы білімдерін жетілдіруге ұмтылатын студенттерге арналған.

Байқау барысында студенттер заманауи ғылыми-техникалық және қолданбалы бағыттарда өздері таңдаған тақырыптар бойынша жобаларын ұсынды.

Байқауға «Компьютерлік мехатроника», «Ақпараттық жүйелер» және «Информатика (IP)» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.