28 февраля 2025


«ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ МУЗЕЙ КӨРМЕСІ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университет музейінің жетекшісі Назым Аманжолқызының жетекшілігімен Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай  «Ер есімі – ел есінде» жалпыреспубликалық музей көрмесі өтті.

Шараның мақсаты — ҰОС қатысқан ардагерлердің еңбегін ұлықтап, жастардың санасында жаңғырту, ерлік істерді жастарға үлгі ету.

“Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық” білім беру бағдарламасының студенттеріне «Ер есімі – ел есінде» көрмесі аясында Ұлы жеңіске 80 жыл, Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл экспозициялары ұсынылды.

Көрмеге Жеңістің әр жылына арналған мерейтойлық медальдар, тыл еңбеккерлерінің медальдары, университеттің ҰОС ардагерлерінің биографиялық эскпозициялары қойылды.

Білім алушылар осындай шаралар отансүйгіштікке, тұтастыққа үндейді деп атап өтті.