28 февраля 2025


ЖЕҢІМПАЗҒА «ПСИХОЛОГИЯ» ББ БОЙЫНША 4 ЖЫЛДЫҚ ГРАНТ ТАБЫСТАЛДЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасы «Professional Upgrading» мансап орталығымен» бірлесіп, Өскемен қаласы және ШҚО орта мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында ақпан айының 10-27 ақпан аралығында психология бойынша  аймақтық олимпиада өткізлді. 

Аймақтық олимпиадаға аудан, қала мектептерінін оқушылары 1-ші  кезеңде «Психолог әлемді қалай құтқарады» тақырыбында эссе және  «Менің атым Қожа» танымал фильмінің кейіпкерлерінің тұлғалық қасиеттеріне сипаттама жазып өткізді. Әділ қазылардың шешімімен 13 оқушы 2-ші кезеңге өтті. 

Бұл шара мектеп оқушыларының — психологияға деген танымдық қызығушылықтарын қалыптастыр,у арттыру және болашақта психология саласында білім алуға ынталандыру мақсатында өткізілді. 

27 ақпан күні олипиаданың 2-ші кезеңінде тапсырма оқушыларға креативті ойлау, сыни ойлау, өз пікірін жеткізу дағдылары мен эмпатия сияқты маңызды қасиеттерін дамыту мақсатында арнайы жағдаяттық тапсырмалар берілді. Оқушылар берілген жағдаяттық мәселеге өз ой-пікірлерін білдіріп, ойларының ұшқыр екендігін дәлелдей түсті. 

Әділ қазылардың  шешімі бойынша 2-ші кезеңнің бас жүлдесін Глубокое ауданы бойынша ББ  Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебінің оқушысы  Рысбек Жібек Нұрбекқызы жеңіп алды. Ол психология ББ бағдарламасы бойынша 4 жылдық университет грантына ие болды. 

1 орын — Колмагорова Диана «Шемонаиха ауданы бойынша ББ «Зевакино жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені»». 

2-орын Мамешова Алтынай  Бақытбекқызы. «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қазақстан орта мектебі». 

2-орын Илхамова Сабрина. «ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша «Бейіндік мектебі»

3-орын Какимова Аяулым Бекмұратовна. «ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша №47 жалпы білім беретін мектеп». 

3-орын Агланова Шырай. «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№46 орта мектебі».

3-орын Әбдікәрімова Рамина Саятқызы. «ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша №37 көпбейінді орта мектебі». 

Бас жүлде, 1, 2 және 3 орынға ие болған қатысушылар дипломмен марапатталады. Қалған қатысушыларға сертификат беріледі. Оқушыларды олимиадаға дайындаған педагог-психологтар  сертификаттар табысталады.