28 февраля 2025


ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Құқықтану кафедрасы Шығыс Қазақстан облысының 11-сынып оқушылары арасында Құқық пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді. Олимпиаданың негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ олардың ғылыми қызметке деген қызығушылықтарын арттыру.

Тартысты білім жарысы үш турдан тұрды. Оқушылар үшін олимпиада барысында үзіліс кезінде криминалистикалық орталыққа экскурсия ұйымдастырылды, бұл олардың құқықтық білімдерін тәжірибе жүзінде тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Олимпиада қорытындысы бойынша Өскемен қаласы ББ «Қ. Нұрғалиев атындағы 43 мектеп-лицейінің» оқушысы Камшат Алипбаева гран-при ұтып алып, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша төрт жылдық білім грантын жеңіп алды.

ШҚО ББ Алтай ауданының білім бөлімінің «Никольская орта мектебінің» оқушысы Карина Калмыкпаева — 1 дәрежелі диплом, ШҚО ББ Алтай ауданының білім бөлімінің «Алтай қаласының № 6 орта мектебінің» оқушысы Мария Архипова — 2 дәрежелі диплом, Өскемен қаласы ББ «22 орта мектебінің» оқушысы Камила Шәкенова— 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.