28 февраля 2025


«SMART ЖҚҚ – КЕНІШТЕР МЕН ШАХТАЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК НЕГІЗІ» ҒЫЛЫМИ ЖОБАСЫ МАРАПАТТАЛДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Ғылыми Start-up жобалары» атты студенттік ғылыми жұмыстар байқауында «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» ББ 3-курс студенттері Кузнецова Наталья Владимировна мен Тұрсынов Аян Нұрбекұлының «Smart ЖҚҚ – кеніштер мен шахталардағы қауіпсіздік негізі»тақырыбындағы ғылыми жобасы  конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Ең үздік жоба» жоғары номинациясына ие болды. Жобаның ғылыми жетекшісі — экология және география кафедрасының профессоры, техника ғылымдарының докторы Абдугалиева Гүлжан Юсупханқызы.

«Smart ЖҚҚ – кеніштер мен шахталардағы қауіпсіздік негізі» жобасы кеніштер мен шахталардың қауіпті және күрделі жағдайларында жұмыс істейтін тау-кен жұмысшылары мен шахтерлердің еңбегін қорғаудың өзекті мәселесін шешуге бағытталған.

Жобаның негізгі идеясына каска ішінде кеншілердің басы болу фактісін бақылайтын аппараттық бақылау жүйесімен жабдықталған «ақылды» каска жасау жатады.

Студенттер Н.В. Кузнецова, А.Н.Тұрсынов ғылыми жобаны қорғау барысында өмір қауіпсіздігі саласындағы терең білімдерін ғана емес, сонымен қатар, практикалық мәселелерді шешу үшін заманауи технологиялық шешімдерді қолдану қабілетін көрсетті.