3 марта 2025


«ЖАС БИОЛОГ» ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің биология кафедрасында «Жас биолог» облыстық олимпиадасы өтті. Білім сайысына қала, аудан және облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары қатысты.

Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, бұл жастардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығының артып келе жатқанын дәлелдейді.

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Өскемен қаласының №49, №48, №26 мектептері, Глубокое ауданының Предгорное орта мектебі және Самар ауданының Құлынжон орта мектебінің оқушылары иеленді. Гран-при және университет грантының иегері Катонқарағай ауданы Топқайын ауылындағы Қ. Ысқақ атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Аружан Дидахметова атанды.

Шара соңында қатысушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табысталды.