3 марта 2025


ТІЛ МӘРТЕБЕСІ-ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Жанна Садықанова Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – қоғамдық қатынаста» атты облыстық семинарға қатысты.

Іс-шара барысында Жанна Есимбековна Құқықтану кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының мемлекеттік тілді дамытуға қосып келе жатқан үлесі туралы баяндама жасап, заң ғылымдары саласында қазақ тілінің қолданысын кеңейту мәселелеріне тоқталды.

Семинар мемлекеттік тілдің қоғамдық қатынастардағы рөлін нығайтуға бағытталған өзекті мәселелерді талқылау алаңы болды.