3 марта 2025


ШҚУ ОҚЫТУШЫЛАРЫ: «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ-2024» БАЙҚАУЫНЫҢ МАРАПАТТАРЫН АЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында «Жылдың үздік оқытушысы — 2024» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, осы беделді байқаудың лауреаттары Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің екі оқытушысы — биология ғылымдарының кандидаты, IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Гүлназ Садықанова, философия докторы (PhD), IT және жаратылыстану ғылымдары Жоғары мектебінің химия кафедрасының сениор-лекторы Тілек Қуанышбеков болды.

Байқау жеңімпаздарына төсбелгіс мен диплом және 2000 АЕК (7 миллион теңге) мөлшерінде сыйлықақы табысталды. Үздік ғалымдарға марапатты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жеке өзі табыс етті. 

Бұл жеңіс — ШҚУ оқытушыларның жоғары ғылым мен білімдегі еңбектерінің жарқын көрінісі. Олардың кәсібилігі, өз ісіне мұқияттылығы, инновацияға деген құштарлықтары студенттерді шабыттандырады.