3 марта 2025


ШҚУ СТУДЕНТТЕРІ КИНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Химия кафедрасының лекторы Ахметова Айнұр Оралбекқызы «Химиялық криминалистикалық сараптама» білім беру бағдарламасының үшінші курс студенттерімен бірге ШҚО Полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығында кәсіби тәжірибе алмасу шарасын өткізді.

Іс-шара барысында студенттер криминалистикалық сараптаманың маңызды бөлігі саналатын кинологиялық қызметтің ерекшеліктерімен танысып, сараптама жүргізу процесін жан-жақты зерттеді. Кинолог мамандармен жұмыс жасау студенттерге теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби құзыреттілігін арттырды.

Бұл тәжірибе алмасу болашақ мамандардың біліктілігін жетілдіріп, құқық қорғау саласындағы заманауи әдістерді меңгеруге септігін тигізді.