4 марта 2025


ШҚУ ПРОФЕССОРЛАРЫ ORHUN БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҚЫРҒЫЗСТАНДА ДӘРІС ОҚУДА

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Бизнес және құқық жоғары мектебінің профессорлары Динара Мамырбекова мен Ержан Домалатов ORHUN бағдарламасы аясында Қырғыз-Түрік «Манас» университетінің (Бішкек қ., Қырғызстан) студенттеріне дәріс оқуды бастады. Олар «Мемлекет және бизнес: заманауи үрдістер мен даму перспективалары» және «Кәсіпкерлік және бизнес-жоспарлау» бағыттары бойынша шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізуде. Айта кетейік, бұл университет ORHUN бағдарламасының тұрақты үйлестірушісі.

Оқытушылардың академиялық ұтқырлығы 2025 жылдың 3 наурызынан 20 наурызына дейін жалғасады. Алғашқы күні профессорлар Халықаралық ынтымақтастық кеңсесінің директоры Кадри Акгүнмен және «Экономика» бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы (PhD), доцент Замира Осконбаевамен кездесті.

Еске сала кетейік, ORHUN академиялық ұтқырлық бағдарламасы Түркі университеттері одағының мүшелері арасында студенттер мен оқытушылар алмасуын дамытуға бағытталған.