5 марта 2025


«АДАЛ ЖОЛМЕН» АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

«Заң мен тәртіп» нарративін жүзеге асыру аясында, сондай-ақ өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сапалы білім мен адамгершілік тәрбие беру мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің жетекшісі Қайнар Жексембаев университет білім алушыларымен «Адал жолмен» тақырыбында адалдық сағатын өткізді.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілген ақпараттық-насихаттық бағыттағы қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Бұл бейнероликтердің басты мақсаты – қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың салдарын түсіндіру және барша азаматтарды оған қарсы күресуге шақыру.

Іс-шара соңында комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормаларын түсіндіріп, әрбір азаматтың адал әрі әділетті қоғам құрудағы маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, білім алушыларды сыбайлас жемқорлықпен бүкіл азаматтық қоғам болып күресуге шақырды.