5 марта 2025


ШҚУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті “Заң мен тәртіп” нарративін насихаттау мақсатында қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықты жемқорлыққа қарсы күрес туралы ақпараттандыруға арналған акция өткізді.

Шара барысында белсенділер тұрғындарға арнайы ақпараттық жадынамалар таратып, қоғам болып жемқорлықпен күресудің маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділік қағидатын қалыптастыру әр азаматтың өзінен басталуы керектігі атап өтілді.