6 марта 2025


ШҚУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ UNEC-КЕ БАРДЫ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ делегациясының Бакуде өткен қазақстандық жоғары оқу орындарының «Study in Kazakhstan» көрмесіне қатысуы аясында университет өкілдері Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университетіне (UNEC) барды. ШҚУ бұл оқу орнымен 2022 жылдан бері ORHUN академиялық алмасу бағдарламасы аясында ынтымақтасып келеді.

1930 жылы негізі қаланған Әзірбайжан мемлекеттік экономикалық университеті – елдегі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі әрі ұлттық деңгейде жетекші орынға ие. UNEC QS World University Rankings 2024 рейтингінде 1001-1200 орынды иеленген.

Айта кету керек, ORHUN академиялық алмасу бағдарламасы аясында ШҚУ-дың экономика, менеджмент және қаржы кафедрасының оқытушылары жыл сайын UNEC-ке дәріс оқуға барады. Екі жыл ішінде университетке алты оқытушы іс-сапармен барып қайтты.

UNEC-тің заманауи академиялық, материалдық және техникалық базасы екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға зор мүмкіндік береді. Әсіресе, ғылыми зерттеулер, мақалалар жариялау және басқа да академиялық бастамалар бойынша тәжірибе алмасу бағытында өзара тиімді серіктестік орнату көзделуде.

http://unec.edu.az/