6 марта 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕН ADU АРАСЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТІК

С.Аманжолов атындағы ШҚУ делегациясы Әзірбайжан Республикасындағы бірқатар серіктес университеттерді аралады. Алғашқылардың бірі болып меморандумға қол қойылған Әзірбайжан тілдер университеті (ADU) болды. Арадағы келісімшартқа сәйкес профессорлық-оқытушылар құрамын және студенттерді академиялық алмасу, бірлескен жобалар ұйымдастыру, ғылыми мақалалар жазу, сондай-ақ лингвистика және филология саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, 2023 жылы Әзірбайжан тілдер университеті (ADU) QS by Subject рейтингінде заманауи тілдер бойынша әлемнің ең үздік 301-340 университетінің қатарына енді.

https://adu.edu.az/ru/xeberler/xeberler/6606.html#:~:text=%D0%94%D0%B2%D0%B0%20%D0%B2%D1%8B%D1%81%D1%88%D0%B8%D1%85%20%D1%83%D1%87%D0