7 марта 2025


ШҚУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мереке қарсаңында төрт қызметкер төсбелгімен марапатталды: «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» – Салтанат Адиканова мен Светлана Сахариева, «Үздік ғылыми жұмыс» – Гүлфат Калелова, «Ана тіліміздің дамуына қосқан үлесі үшін» – Амантай Жилкубаева.

Ректордың алғыс хаты Сараш Ислямова, Айгүл Алимхан, Күлбаршын Иманжанова, Салтанат Манапова, Майра Тарлаубай, Жұмақанқызы Лунара, Айгерім Сейсекенова, Жұлдыз Тергенбаева, Қарлығаш Конбаеваға табысталды.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үздігі» құрмет дипломымен Марина Кругликова мен Айнұр Рамазанова марапатталды. «Тіл жанашыры» құрмет дипломы Бақытжан Келгембаеваға табысталды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасымен Арайлым Раисова марапатталды. Ал осы министрліктің алғыс хаты Ирина Мацкевич, Гулнара Тоқтамысова, Меруерт Мәулет және Райгүл Скаковаға табысталды.

ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген нәзік жандыларды құттықтай отырып, бұл күн көктемнің келуін, жаңаруды білдіретін ерекше мереке екенін атап өтті. Оның айтуынша, университеттің дамуына арулардың қосқан үлесі зор.

– Құрметті ханымдар, сіздерді осы әсем мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – сұлулық пен даналықтың символысыздар. Сіздер арқылы қоғамымыз жарқырап, кемелдене түседі. Бізді жаңа жетістіктерге, биік белестерге ұмтылуға шабыттандырасыздар. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді ректор.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері, «Нұр – Алтай» би тобы, «Алтай» би ансамблі, сондай-ақ ШҚУ қызметкерлері мен студенттері өз өнерлерін көрсетті.