8 марта 2025


ШҚУ РЕКТОРЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Халықаралық әйелдер күні — нәзік жандыларға жоғары білім беру саласының дамуына қосқан сүбелі үлестері үшін алғыс білдіру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар олардың біздің университетіміздің мақтанышы екенін айқындайтын күн. Өңір басшысының олардың ісіне адалдығы мен кәсібиліктерін жоғары бағалайтыны қуантады. С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Ирина Владимировна Ровнякова Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың қолынан жоғары марапат иеленді. Бұл өте мақтанарлық жайт.

Ирина Владимировна сіз тек қызметкер, әріптес қана емес, сіз – университетімізді табысты, үздік болуына және жұлдыздай жарқырауына шабыттандырасыз. Сіздің энергияңыз, даналығыңыз, сабырлығыңыз және кәсібилігіңіз, жаңа идеялардың туындауына, білімнің жетілуіне және халықаралық байланыстардың нығаюына ықпал ететін орта қалыптастырады. Сіз ғылымның, білімнің, мәдениеттің және сізбен бірлесіп атқарылып жатқан барлық істің дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіз.

Сізді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн тек қана сұлулық пен нәзіктікті ғана емес, кәсіби қызметіңіздегі күш-қуатты, даналық пен шабытты да бейнелейді. Сіздің стратегиялық даму және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор ретіндегі еңбегіңіз университетіміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, білім мен инновациялардың жарқын орталығына айналуына үлкен үлес қосып келеді.

Бүгін университетіміздің дамуына, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі білім беру және ғылыми орталықтарымен байланысты нығайтуға қосқан көрнекті жетістіктеріңіз бен үлесіңізді атап өткім келеді.

Сізге бар ынтаңызбен, беріліп істеп жатқан еңбегіңіз үшін алғысымды білдіре отырып, жаңа табыс, денсаулық, бақыт және жарқын сәттер тілеймін.