11 марта 2025


БАСҚАРМА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Amanzholov University-де жоспарлы Басқарма отырысы өтті. Кезекті жиында қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, университеттің «Берел» баспасының қызметін жетілдіру жолдары қарастырылды. Бұл баспа оқу орнының оқу-әдістемелік, ғылыми, жарнамалық және басқа да полиграфиялық өнімдерге деген қажеттілігін сапалы қамтамасыз етуді көздейді. Сондай-ақ университеттің көлік паркінің техникалық жағдайы мен Наурыз мерекесіне дайындық барысы талқыланды.  

Отырыс барысында кәсіби бағдар беру жұмысы мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері де қарастырылды.