11 марта 2025


ШҚУ-ДА СЕРІКТЕС УНИВЕРСИТЕТТІҢ ПРОФЕССОРЫ ДӘРІС ОҚУДА

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ШҚУ-да дәріс оқуда. Исаев Ғани Исаевич магистранттар мен студенттерге «Экология», «Биология», «Орман ресурстары, аңшылық және ара шаруашылығы» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер өткізуде.