12 марта 2025


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ: ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚҰРАММЕН БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР

Бүгін С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің IT және Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің «Биология», «Экология және география» кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры Ғани Исаев профессор-оқытушылық құраммен бірлескен семинар өткізді.

Ғани Исаев өз баяндамасында ғылым мен білімнің қазіргі даму бағыттары, зерттеулердің маңызды аспектілері және студенттердің ғылыми жұмыстарына қатысты көптеген маңызды мәселелерді қозғады. Ол ғылымды дамытудың қажеттілігі мен студенттерді ғылыми зерттеулерге тартудың әдістері туралы көзқарасын ортаға салды. Сонымен қатар қатысушылармен еркін сұхбаттасып, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Семинар барысында жас оқытушылардың ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобаларға қатысты ой-пікірлері тыңдалып, бірлескен жобалар ұсыну, оларды жүзеге асыру жолдары талқылады.