12 марта 2025


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ: ШҚУ МЕН КМПУ ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Amanzholov University мен В.П. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университеті өкілдерінің қатысуымен онлайн кездесу өтті. ШҚУ атынан кездесуді стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ирина Ровнякова басқарды. Шараға екі жоғары оқу орнының Жоғары мектеп декандары, институт және департамент директорлары қатысты.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, STEM және инклюзивті білім беру бағыттарында серіктестікті дамыту, студенттерге педагогикалық тәжірибеден өту мүмкіндіктерін ұсыну, жас мамандарға арналған тағылымдамалар ұйымдастыру, халықаралық гранттық бағдарламалар мен жобаларға қатысу, сондай-ақ педагогика, психология, математика, физика, химия, биология, экология, экономика, информатика, филология және шет тілдері, тарих, география, дене шынықтыру және спорт бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқылады.