14 марта 2025


ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ: ТӘРБИЕ – БІЛІМ БЕРУДІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Қазақ халқының тарихында құрылтай өткізу дала демократиясының басты нышаны. Бүгінгі Бурабайда өтіп жатқан ұлттық құрылтайда ел үшін маңызды мәселелер қаралды. Әсіресе білім берудің ажырамас бөлігі тәрбие екендігіне басты назар аударылды.  Тәрбиелі ұрпақ, ол болашақ маман! Ал адал маман ертең адал еңбектің табысын көретін, адал мамандардан тұратын  мықты мемлекеттің іргетасын құрайды.  Отаншыл, білімді, тәрбиелі болу бұл қазіргі жастармыздың бойынан табылатын асыл қасиеттер болуы керек. Біздің университетімізде студент-жастардың білімдерімен қатар озық идеяларын жүзеге асыруға барлық мүмкіндіктер жасалған. Университет ректоры Мұхтар Әділбекұлының жастарға қанат бітіріп, олардың жарқын идеяларын  қолдауының арқасында  қазіргі таңда университетімізде 20-дан астам студенттік өзін-өзі басқару ұйымдар жұмыс істеуде. Атап айтсам:

— Отан қорғаушыларға — «Қабанбай батыр» атындағы әскери кафедра;

— Жүрегі мейрімділікке толы студенттерге — «Мейрім», «Шуақ» еріктілер клубы;

— Топ жарған көшбасшы болғың келетіндерге — Жастар ісі жөнідегі комитет, «Жастар рухы», «Парасатты жастар «;

— Поэзияны сүйетіндерге — «Оқырман», «Қаламгер» ұйымдары;

— Қасиетті сахнада өнер көрсеткісі келетіндерге — «Шабыт» студенттік театры;

— Салауатты өмір салтын сақтап, спортпен айналысқысы келетіндерге-  «Спорт» клубы, «Ақбозат» шахмат клубы;

— Қоршаған ортаны аялау мақсат еткендерге — «Жасыл толқын» экологиялық клубы;

— Қазақ қызына тән қасиеттерді бойыңа сіңіргісі келетіндерге- «Көркем» қыздар клубы,

— Оқуда озат болып, студенттік кеңестің мүшесі болғысы келетіндерге — Студенттік парламент;

— Өзіңді танып білгісі келетіндерге — «Mind matters club»психологиялық клубы;

— Қар қылды қақ жарған Қазыбектей би болып, төрелік жасап, шешен болғысы келетіндерге- «Ділмар» дебат клубы, «Парасат» зияткерлік клубы.

Бердібек Соқпақбаевтың «Бала деген шырақ, оны жаға білу керек» дегені осы жерде ойға оралады! Әр студенттің шырағын жаға білу біздің міндетіміз.

 

Калимолдина Жаннета Амангелдіқызы

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор-басқарма мүшесі