18 марта 2025


ИСЛЯМОВТАР ДИНАСТИЯСЫМЕН КЕЗДЕСУ

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Наурызнаманың төртінші күні «Адал адам. Адал табыс. Адал еңбек» тақырыбында ұлтқа қызмет еткен Ислямовтар династиясымен кездесу өтті.

Шара барысында КСРО халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямовтің өмірі мен еңбек жолына арналған естеліктер айтылып, оның ұрпақтарымен сұхбат өрбіді. Кездесуге студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

— Бүгінгі кездесуде жастарға пайдалы әңгіме өрбіді. Әкемізді ұлықтап, еңбектерін еске алып, бір марқайып қалдық. Студенттер қызығушылықпен тыңдады, — деді Сара Асқарқызы.

Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Жаннета Калимолдина шараның басты мақсаты – болашақ жас мамандарға педагогтер әулетін таныстыру және оларды үлгі ету екенін атап өтті.

— Қай салада қызмет етсең де, отбасында көрген өнегенің пайдасы мол. Педагогикалық білім – кез келген салада қажет. Бүгінгі шара жастарға өз кәсібіне адал болуды насихаттағаны өте құптарлық жайт, — деді Аманжол Асқарұлы.

Кездесу соңында Ислямовтар әулеті ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.