18 марта 2025


AMANZHOLOV UNIVERSITY МЕН UNIVERSITY SAINS MALAYSIA СЕРІКТЕСТІККЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

Amanzholov University мен University Sains Malaysia академиялық және ғылыми байланыстарды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат бірлескен білім беру бағдарламаларын, студенттер мен оқытушыларды алмасуды, сондай-ақ ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Өзара келісім халықаралық интеграцияға және университеттер арасындағы серіктестікті нығайтуға жасалған маңызды қадам болды.

Universiti Sains Malaysia әртүрлі халықаралық рейтингтерде көшбасшы орындарға ие. Мысалы, QS World University Rankings 2025 рейтингінде USM 146-шы орында. Times Higher Education World University Rankings 2025 рейтингінде USM 401–500 диапазонында. Бұл рейтингтер Universiti Sains Malaysia университетінің халықаралық білім беру қоғамдастығындағы маңызды рөлін көрсетеді.